Қазақстан Республиксы, Астана қаласы,
Қабанбай батыр даңғылы 53,
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Тіркеу
Сіздерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК 25 жылдығына арналған «ПӘНАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ: ДИАГНОСТИКАДАН ОҢАЛТУҒА ДЕЙІН» атты халықаралық травматолог-ортопедтердің мерейтойлық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз
Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы» РҚБ, Академик Нұрлан Батпенов атындағы қоғамдық қор.
Өткізу орны Қазақстан Республикасы, Астана қ, Nazarbaev University, Қабанбай батыр даңғылы 53.
Конференцияны өткізу мақсаты – тәжірибе алмасу, тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай- ақ травматология және ортопедия практикасына заманауи ғылыми жетістіктерді енгізу.
Іс-шара аясында пленарлық және секциялық отырыстар, мастер-кластар, саттелиттік курстар, постерлік баяндамалар, жас ғалымдар үшін арнайы сессия, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмесін өткізу жоспарлануда
Ғылыми бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:
- Травматология мен ортопедиядағы инновациялық технологиялар: білім беру аспектілері және практикаға енгізу
- Ұршықбуын мен тізі буындарын эндопротездеудің озық тұжырымдамалары
- Артроскопиялық хирургияның жаңа көкжиектері
- Азинвазивті вертебрология
- Балалар травматологиясы мен ортопедиясының проблемелары мен даму перспективалары
- Жарақат пен операциядан кейін науқастарды қалпына келтірудегі мейіргерлік күтімнің рөлі
- Физикалық медицицна мен оңалтудың өзекті мәселелері
Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік жетекші мамандар, травматолог-дәрігерлер, ортопедтер, нейрохирургтер, оңалтушылар, мейіргер ісі мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері шақырылады.
Күндізгі қатысу көзделеді. Конференцияның жұмыс тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысушыларды онлайн тіркеу 2026 жылдың 1 наурызынан бастап www.nscto.kz сайтта ашылды.
Қатысу шарттарына байланысты мәселелер бойынша e-mail: trauma@nscto.kz хабарласыңыз.
Баяндамалар тақырыбы мен тезистер 2026 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.
Конференция соңында сағат саны көрсетілген атаулы сертификаттар беріледі.
ТЕЗИСТЕРДІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК-ның 25 жылдығына арналған «ПӘНАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ: ДИАГНОСТИКАДАН ОҢАЛТУҒА ДЕЙІН» травматолог-ортопедтердің мерейтойлық халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының материалдары «Traumatology and Orthopаedics of Kazakhstan» ғылыми-практикалық журналында жарияланады.
ТЕЗИСТЕР ЖУРНАЛДЫҢ HTTPS://JOURNALTOKAZ.ORG САЙТЫ АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ
- Жалпы ережелер. Тезистер түпнұсқасы, бұрын жарияланбаған деректерді қамтуы тиіс. Жариялау тілі: ағылшын. Материалдарда келтірілген деректердің дұрыстығына авторлар жауапты болады. Редакция ғылыми материалда ұсынылған ғылыми деректердің құндылығына нұқсан келтірмейтін жағдайда, тезистің мазмұнына кез келген өзгерістер енгізуге құқылы.
- Тезис көлемі. Тезистің жалпы көлемі: 300-500 сөз. Кестелер мен суреттерге жол берілмейді. Қажет болған жағдайда әдебиеттер тізімі жасалады және үш дереккөзден аспауы мүмкін.
- Тезистің құрылымы. Тезистердің құрылымына тақырып, паспорт бөлігі (авторлар және аффилиациялау), негізгі мәтін, негізгі сөздер және әдебиеттер тізімі (қажет болған жағдайда) кіреді. Бірінші жол-бас әріптермен атауы (қысқаша, қысқартусыз); екінші жол - авторлардың аты – жөні (баяндамашы бірінші болып көрсетіледі); үшінші жол-баяндамашының лауазымы, мекеме атауы, қаласы, елі, e-mail. Тезистің мәтіні жаңа жолдан басылады.
2.1. Паспорт бөлімі. Авторлардың аты-жөні көрсетілуі қажет. Сондай-ақ баяндамашының/материалдың негізгі авторының жұмыс орнын, қаласын, елін және байланыс электронды поштасын көрсету қажет.
2.2. Тезистің негізгі мәтіні. Тезис мәтінінде кіріспе (мәселенің өзектілігі және зерттеудің негіздемесі), зерттеудің нақты тұжырымдалған мақсаты, материалдар мен әдістер (дизайн, үлгі өлшемі, негізгі әдістер), нәтижелер, қорытындылар, негізгі сөздер болуы. Негізгі сөздерді таңдағанда, авторлар (Medical Subject Headings) Index Medicus медициналық пәндік рубриканы қатаң қолдануы керек. Ұсынылатын негізгі сөздер саны 6 сөзден аспауы ұсынылады.
- Этикалық талаптар. Комиссия тіркелген мекеменің атауын, хаттаманың нөмірін және қарау күнін көрсете отырып, биоэтика жөніндегі комиссияның зерттеу хаттамасын қарау/мақұлдау туралы ақпаратты көрсету қажет. Сондай-ақ тезистің соңында мүдделер қақтығысының болуы/болмауы туралы мәлімдеу қажет.
- Техникалық талаптар. Тезистер Word бағдарламасында Arial 12 қаріпін қолдана отырып, барлық жағынан 2 см жиекпен 1 интервалдан кейін жасалады.
- Тезистерді таңдау критерийлері. Редакция командасы тезистерді келесі критерийлер бойынша таңдайды: ғылыми жаңалығы, әдіснамалық дұрыстығы, практикалық маңыздылығы және конференция тақырыбына сәйкестігі.
Жауапты редактордың байланыс деректері: editor.journaltokaz@gmail.com, +77028790176
Конкурсқа ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын, жасы 40-тан аспаған медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, интерндер, резиденттер, докторанттар және ғылыми қызметкерлер қатысуға шақырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім және қажетті ілеспе материалдар 2026 жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей келесі электрондық пошта мекенжайына жіберілуі тиіс: batpenov_readings@nscto.kz.
Өтінім тапсырылғаннан кейін қатысушы ағылшын тілінде ppt/pptx форматында презентация дайындауы тиіс. Басқа тілдерде дайындалған презентациялар конкурсқа қабылданбайды. Баяндама қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде (қатысушының таңдауы бойынша) жасалуы мүмкін.
Баяндама ұзақтығы: 7 минуттан аспауы тиіс.
Конкурсқа материалдарды ұсыну қатысушының ұсынылған деректерді Конкурс қазылар алқасының өңдеуіне және пайдалануына келісімін білдіреді.
Жеңімпаз арнайы Қазылар алқасы шешімімен анықталады.